01.06.2022
  158


Автор: Дәулет Мұқаев

Топ 5. Дизайн трендтері


  1. 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті жақын қылып көрсетеді. Тауарды жақын тұрғандай әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді.


 



  1. Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып өрнектелген ерекше дизайн. Оның үстіне көптеген сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз әсерлі бола түседі.


  



  1. Антигравитация – картинаға қараған кезде зат- тар жоғары ұшып, жүзіп жүргендей әсер қалдырады. Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды сатып алуға ықпал етуі мүмкін.


 



  1. Сюрреализм, мозаика және арт коллаж - әлемді жаппай жаулап жатқан дизайн. Ұқсас емес дүние- лердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет салу, эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір қарағанда назар аудартудың жақсы құралы. Модерн арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер – мейрамха- на, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда.


 



  1. Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қол- данылып жүрген дизайнерлік трендтердің бірі. Жа- риялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп, түр- лі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, есте жақсы сақталады. Бизнес саласында өзіңіздің логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз болады.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу