01.06.2022
  122


Автор: Дәулет Мұқаев

Франшиза

Жаңа терминдердің бірі болғанымен, ел арасында етек жайып келе жатқан бизнес түрі. Нақтылап түсіндіретін болсақ. Нарық заманында та- уар өндіруші ірі компаниялар өздерінің тауарларын сатудың жаңа әдісін пайдаланады. Олар өздеріндегі дайын бизнес тұжырымдаманы сату арқылы, сатып алушыға сол аймақта фирманың тұжырымдама- сын қолдана отырып, бизнесті іске асыруына мүм- кіндік береді. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады.


«Франчайзинг» термині француз тілінен аударғанда


«franchise» - жеңілдік, артықшылық деген мағынаны білдіреді. Сонымен, франчайзинг дегеніміз - айрық- ша құқық кешенінің құқық иеленушісі.


 


Франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін са- тудағы табыс табу әдісі. Бұл жердегі «франчайзер» франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын иесі, ал «франчайзи» – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, фирманың тұжырымдамасын сатып алушы.


 


Барлық франчайзингтік мәмілелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:



  1. Тауарлық франчайзинг;

  2. Өндірістік франчайзинг;

  3. Іскерлік франчайзинг.


Енді,     франшизаның     артықшылықтары      мен кемшіліктеріне тоқталайық.


Франшиза ұсынудың кемшіліктері:


  • Франчайзер барлық пайданы өзіне иемдене алмайды;

  • Франчайзиді үнемі бақылап отыру қиынға соғады. Франчайзердің тауар белгісімен тұтынушыға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы сәйкес болмаса, франчайзердің тауар белгісіне нұсқан келеді;

  • Егер франчайзи істі адал жүргізбесе, франчайзер ұсынып отырған тауардың ноу-хауы, яғни жаңашылдығын кетіріп алады;

  • Франшиза алудың артықшылықтары:

  • Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг шарты, сауда белгісінің сипаты, франчайзингке арналған қағидалар, франчайзиді қолдану тәсілдері және т.б.

  • Франчайздер жергілікті нарықты біледі және жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие бола алады;

  • Франчайздер жеке бизнесті дамытады, сондықтан жалдамалы басқарушыларға қарағанда табанды жұмыс істейді;

  • Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы.


Өзге бизнес-модельдер сияқты франчайзинг те кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Жаңа бизнесіңізді бастамас бұрын оның барлық «кемшіл» және «артық» тұстарын бағалаған жөн. Сондықтан,


«жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, әрбір іске кіріспес бұрын мұқият зерделеңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу