01.06.2022
  387


Автор: Дәулет Мұқаев

Кофе-киоск бизнес жоспары

Тамақ саласына қатысы бар тағы бір бизнес – кофе. Мұнда кофехана ашу міндетті емес. Мысалы, өзімен бірге алып кетуге болатын кофе қазір сұранысқа ие. Кеңседе қызмет ететіндердің көпшілігі күніне бір рет болса да кофе ішеді. Кофе нарығының статистикасы «кофені өзімен бірге» бизнес ретінде



  • ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге сай келетін, өте тиімді идея екенін дәлелдейді. Бұл бизнесті ашу үшін көп салымды қажет етпейді.


Бәсекелестерді анықтау. Орынжайды табу.

Өз қалаңыздағы бәсекелестік деңгейін зерттеңіз. Кім сіздің негізгі бәсекелестеріңіз болып табылады және олар қайда орналасқан? «2ГИС», «Яндекс» сияқты сервистерді пайдаланып, «Google» карталар арқылы бәсекелестердің санын бағалаңыз және орынжайды ең тиімді орналастыруға болатын аудандарды анықтаңыз.


Ең тиімді орынжайлар:



  • жаяу жүргіншілер өткелдері;

  • қоғамдық көлік аялдамалары;

  • саябақтар, скверлер, жағалаулар;

  • оқу орындарының               (университеттер, колледждер және т. б.) жанындағы аймақтар;

  • сауда орталықтары және ірі павильондар;

  • әуежайлар, вокзалдар.


Тиімділікті                  қалыптастыру                   мен артықшылықты ойлап табу.

Бәсекелестердің  ұсынысын  қарастырыңыз:


 


олар қандай сусындар мен қосымша тауарларды ұсынады, қандай фишкалар қолданады, өз мекеме- лерін қалай жарнамалайды?


Құрал-жабдықтар.

Кофені үйрену үшін сатып алу қажет ең маңызды жабдық – кофемашина. Көлемі 8 литрден кем болмауы ткрек, ал қуаты – 5 кВт-қа дейін болуы тиіс (мұны энергия тұтынуды есептеу кезінде ескеру қажет). Жаңа бастағандар тез жұмыс істеу және нұсқау беру үшін қажетті функциялардың ең аз жиынтығы бар аппараттарды қарастыру керек. Сондай-ақ, бір реттік кофеге арналған стакандар, қасықтар және т.б қажет болады.


Кофе мәзірі.

Үстелсіз шағын кофеханалардың мәзірі, әдетте, сіз ассортиментте әкелетін пирожный, шоколад немесебасқадатәттілерболмаса, теккофекартасымен шектеледі. Кофе және оның негізіндегі сусындар — маусымға байланысты. Кофе сату барлық түсімнің 80% қамтамасыз етеді, қалғандары – ілеспе тауарлар, көбінесе әр түрлі десерттер болып табылады.


Қызметкерлер.

Бұл шағын кофехана болғандықтан, мұндай бизнес форматы үстелдерді немесе басқа да отыратын орындарды және жеке ас үйлерді қарастырмайды, әдетте, тек бір барист жұмыс істейді, ол тапсырыстар қабылдайды, келушілерді есептейді және ингредиенттердің есебін жүргізеді. Бастапқы кезеңде қызмет көрсету үшін екі барист, әр ауысымда бір-бірден болады.


Тәуекелдер.

«Өзіңізбен бірге кофе» бизнесінің табысы орна- ласқан жеріне байланысты. Бизнестің табыстылығы үшін үлкен тәуекел — трафикті төмендету болып са- налады. Мысалы, егер сіз орналасқан жер сауда орта- лығында орналасқан болса, онда құлдырау болу қаупі жоғары: демалыс маусымында (жаз — кофе бизнесі үшін өте ауыр кезең: осы уақытта адамдар сауда ор- талықтары арқылы емес, табиғатқа, теңізге, шетелге шығуды қалайды) және т.б.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу