Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  144


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

О, бабалар

Қас қағымдай ғұмырымен бір сіңген,
Өзі басқан жұмыр жердің астына.
Қайран бабам, тірлігінде дүрсінген,
Бір - бір томпақ тас мына.
Қапас тірлік бой жазғызбай қарғылап,
Ол өткен шақ шын-ақ арман секілді.
Дүмбір - дүмбір шауып келіп арғымақ,
Тына қалған секілді.
Ат жалында от пенен оқ қамалып,
Өтті өмірден өр төсіне мұз артып.
Менің киер көйлегімді жаңалап,
Менің жүрер соқпағымды ұзартып... О, бабалар, жазбаған жыр хатың бар,
Бұл тірлікте бітпей қалған ақың бар.
Бітіретін ұрпағың бар, атың бар,
Май топырақ торқа болып жатыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу