Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  122


Автор: Марат Нұрқалиев

Түстің қырсығы

«Тауықтың түсіне
тары кіреді»
Деген мақалды
жұрттың бәрі біледі.
Ал студенттің түсіне
Сол тарыдан басқаның
бәрі кіреді!
Жуырда бір түс көрдім,
Ол түсті бір емес үш көрдім:
...Сессияны
ылғи «беске» тапсырған,
Батыр екем деймін,
Стипендияны қалтаға бастырғам,
Ысқырып келе жатыр екем деймін,
Ұстаз біткен арқамнан қағып,
Басымнан сипап өтеді,
Мен менсінбей қиқаң етем.
Сөйтіп,
Маңайға мұрынды
шүйіріп келе жатқанда
Бір пәлеге сүрініп жалп еттім...
Оянсам, керуеттен құлап кеткем!
Сол түсі түскірдің қырсығынан
Бірінші пар «жылап» кеткен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу