Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  247


Автор: Марат Нұрқалиев

Үнді шайы дегенде...

Жақында Аңқылбай
Аңқылдап отырып,
Саңырауға айтқандай
Саңқылдап отырып,
Мынадай бір сыр айтты,
Онысын бір емес,
мың айтты:
– Үнді шайы дегенде
Өле кетеміз,
Хақысы қанша десе де
Көне кетеміз.
(Өйткені оны ішпесек,
Өледі екенбіз!)
Былтыр бір саудагер
Әр килосын он бестен,
«10 сом» дегенге көнбестен,
Үнді шайын сатып кетті.
Бет-ауызы бүлк етпестен
Пайдаға батып кетті.
Биыл тағы біреуі
Сағындырмай келе қалды,
Әр килосын жиырма сомға,
«Аясын ба», бере салды... –
Деп Аңқылбай аңқылдап,
Репродуктордай саңқылдап,
Саусақпен санап отыр...
* * *
Сонда рабкооп
Неменесін қарап отыр?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу