Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  88


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ғашықпын деп айтпайын

Ғашықпын деп айтпайын
Тағдыр қосса болғаны.
Мен сертімнен қайтпайын,
Сүйеніш қой ол дағы.
Қатыгез мына жалғанда,
Боларсың ба тірегім.
Сезімсізге алданба,
жаралы менің жүрегім.
Сенбесе жұрттар сенбесін,
Ақынның мұңын кім ұққан.
Тұрақсыз жалғыз мен десін,
Іздейтін сылтау сынықтан.
Өмірдің заңы нетерсің,
Арманың кетсе алысқа.
Ақыры қуып жетерсің.
Серт етсең егер өлмеске.
Кетті ғой талай арманым,
Қол жетпес мұнар сағым боп.
Жапанда жалғыз қалғанмын,
Келсейші маған бағым боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу