Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  192


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Аңсау

Хабарсыз кеттің көп болды,
Хатыңды күтіп сарылам.
Нұр үміт бірден жоқ болды,
Қайғыдан қалай арылам.
Көктемгі гүлдей жайнаған,
Гүл едің жаным, гүл едің.
Ал бүгін сені ойласам,
Қайғыға түнар жүрегім.
Кетем бе мәңгі кездеспей,
Өзіңе мәңгі ғашықпын.
Құр жылап, сезім сезбестей,
Керегі қанша жастықтың.
Кім біледі мүмкін жолығып,
Сырымды айтып қалам ба.
Қайтадан жанып сол үміт,
Кетем бе сыймай ғаламға.
Жүрмін ғой сені еске алып,
Шалғайда алыс жүрсем де.
Жүремін мәңгі кеш қалып,
Жүректің кілті бір сенде.
Гүліндей таудың құлпырған,
Жүрегі нәзік періште.
Көзіңді сенің нұр тұнған,
Ұнатсам қалап, теріс пе.
Өтті ғой көп жыл өзіңсіз,
Жүзіңді көрсем арман жоқ.
Жан емес едім төзімсіз,
Сырымды бүгіп қалғам жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу