Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  118


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Менің өмірге келуім

Мен келгенде дүниеге,
Күздің суық кезі еді.
Сол бір кездер,
Ең ауыр күн болғандығын жан жүрегім сезеді,
Бұлт қаптап аспанды,
Жан атамның жанарынан жас тамды,
Қайтсын атам жыламай,
Жан дегенде жалғыз ұлы,
Қатты ауырып емханада жатыпты,
Маңдайына біткен жалғыз келіні,
Босана алмай жатқандығы көкірегіне батыпты,
Қапа болып мына жалған тағдырға,
Депті – атам құдайына жалынып,
«Мені алшы, келінім мен жан баламды қалдыр да!»
Тексерген соң хирургке келіпті бір деректі ой.
Мен анамның құрсағында теріс келсем керек қой,
Екі болмас бір алланың бұйрық еткен жарлығы.
Жарып алуға бел буыпты барлығы,
«Басқа амал жоқ» – депті доктор.
Басу айтып анама,
Осылайша жасамақ.
Қауіп туады, өзіңізге және солай балаға.
Тырысамыз балаңызды аман алып қалуға,
Бір шешімге бел буыңыз,
Осы айтқанның барлығын да үйлестіріп санаға,
Күні-түні көзін ілмей жан атам,
Келінінің амандығын тілепті.
Қайғы бұлты жаулап алып жүректі,
Дәрет алмай, жер баспаған атамның.
Жан жүрегі ертеңіне дір етті,
Мен де, анам да аман қалып.
Көк тәңірі берді міне тілекті,
– Өз-өзіне келгенінше біраз күндер өтіпті.
Қуаныш кеп жүрегіне, қайғы-мұңы кетіпті,
Аман екен күйеуі де, жылдам хабар жетіпті.
Жан әкеме баяаң аман деп айтуды о тоба,
Екі ортада жүрген адам тарс ұмытып кетіпті.
Өкем бопса қайғы мұңға батыпты,
«Еш хабар жоқ, өлген екен балам» - деп.
Төсегінде ұзақ түндер көзін ілмей жатыпты,
Сол қайғымен ертеңіне ұзақ таң да атыпты.
Бір кез кенет көзін ашып қараса,
Бір медбике оятып тұр күлімдеп.
Телефонның трубкасын ұсынып,
Жымиыпты, «Орталықтан звондап тұр ұлың» – деп.
Хабар айтып, әлгі әйел кетіп барады күлімдеп,
Әкем болса трубканы ұстапты әзер дірілдеп.
Көкейімді ме екен жанарынан жас тамып,
Мына өмір жаңаша бір басталып.
Көкейімді мазалайды бір ұғым,
Өмір тұлпар ала қашып дер кезде.
Өлім жауыз, қалды-ау деймін,
Тастай алмай құрығын.
Жан анашым борышымды өтеу үшін өзіңе,
Жетпейді әттең бір ғасырлық ғұмырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу