Эсселер ✍️

  30.05.2022
  5697


Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын дәлелдеп жаз

Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпта көлемді роман жазған қарымды қаламгер. Автордың «Көшпенділер» атты трилогиясы


белгілі бір кезеңді ғана емес, бүкіл қазақ тарихын, хандар шежіресін


қамтитын алып энциклопедия іспетті. Өткен тарихтың маңызын жаңғыртып, оларды көркем түрде дәл әрі нақты бейнелей алған Ілияс Есенберлиннің


«Көшпенділер» романы үш кітаптан тұрады. Қаһар.Алмас қылыш. Жанталас. Ия, көшпелі қазақ халқының басынан өткізген ауыр да азапты тарихы дәл осы кітаптарда толықтай дәл бейнеленген. Бұл трилогияда жазушы


бейнелеген кезең XV-XIX ғасырлар аралығын қамтиды. Осы ғасырлардағы қазақ халқының арманына айналған тәуелсіздік үшін күрестегі қазақ халқының жанкешті ерліктерін бейнелейді. Қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлының бейнесі трилогияның «Қаһар» атты бөлімінде көркем сомдалған. Ендеше, талдап көрейік.


Трилогияның «Қаһар» атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Жазушы романды жазу барысында


тарихи деректерге, нақты фактілерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын шебер бейнелейді. «Қаһарда» қазақ


даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесары Қасымұлының халық арасынан қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті


қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуыл жасауы,


Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Романда Кенесары бейнесі тарихи тұрғыда толық әрі көркем бейнеленген. Мысалы, Саржан мен


Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп,


«Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады.


Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның,


Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.


Қорытындылай келе, Ілия Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесі – қазақ тарихындағы ерекше орны бар, жанкешті


ерліктерімен ел есінде қалған тарихи тұлғаның дәлме-дәл образы. Тарихи фактілерге сүйене жазған автор қазақ халқына, қазақ оқырмандарына тарихты жасаған, тәуелсіздік үшін қасық қаны қалғанша күрескен батыр


бабамыздың бейнесін кемел дәрежеде суреттеп, тарихта тағы бір із қалдырды деуге толық негіз бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу