Эсселер ✍️

  30.05.2022
  11167


Тарихи жәдігерлердің ұлттық құндылық екенін дәлелдеп жаз

 


Тарихи жәдігерлер дегеніміз – белгілі бір ұлттың, елдің тарихымен, өткені мен бүгінімен байланысты болып келетін, қандай да бір халықтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына тікелей қатысы бар дүниелер. Тарихи


жәдігерлерге тән бірден-бір басты қасиет - өткеннен сыр шертуі. Тарихи жәдігерлердің, ұлттық құндылықтарымыздың бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Тарихи-мәдени


ескерткіштер, әдеби жәдігерліктерді күні бүгін біз толыққанды ұлттық құндылық ретінде қарастыра аламыз. «Не себепті?» - деген сауалға жауап беріп көрейік.


Біріншіден, «тарихи жәдігерлер – ұлттық құндылықтарымыз» деген концепцияны дәлелдейтін ең алғашқы және ең көне ескерткіштеріміз ретінде Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерін айта аламыз. Сан ғасыр бұрын өмір


сүрген батырлардың көзсіз ерліктері сан мың жылдар бойы өсіп, өніп жатқан ұрпақтарға, жалпы түркі халықтарына ортақ мұра болды, талай дәуір бұрын тасқа қашылып жазылған осы дастан сан мың ғасырлар бойы түркілік


әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ең озық үлгісі, ең көне бастауы болды. Сол себепті де, аталмыш ескерткіштер тек қазақ халқының емес, түркі әлеміне, түркі жұртшылығына ортақ ескерткіштер болды, сан ғасырлар бойы ұмытылмай, түркі әлеміне ортақ жәдігер, ортақ құндылық бола білді.


Екіншіден, ұлттық құндылықтарымыздың арасындағы сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі әрі бірегейі, XIV ғасырдан бүгінгі тәуелсіз Қазақстанға аманат болып қалған, іргелі архитектуралық ғимарат – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Тарихи маңызы зор, түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда бой көтерген бұл ғимаратты Орта Азияның билеушісі, атағы әлемге


жайылған Ақсақ Темір 1396 жылы салғызады. Ғимараттың Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін, жалпы түркі халықтары үшін тарихи маңызы зор болып саналады. Қазіргі уақытта Түркістанның дамып, туристік аймаққа айналып


келе жатқаны барлығымызға мәлім. Бұл шаһардың осылай гүлденуіне бірден- бір себеп – тарихи жәдігерлеріміз, кесенелеріміз, орта ғасырлардан бері


жасап келе жатқан Арыстан Баб кесенесі, қазақ хандары мен билерінің


мазарлары, Отырар, Сауран қалаларының орны, Ақмешіт үңгірі,т.б. Бәрі-бәрі тарихтың, көненің көзі болып келе жатқан тарихи жәдігерліктеріміз, және осы жәдігерлер қазіргі заманда жаңа сипат алып тәуелсіз Қазақстанның ең


әсем де әдемі қаласының, туристік мекеннің көркін ашып, елімізге туристер ағылуда. Осының барлығы ұлттық жәдігерлеріміздің сөзсіз ұлттық құндылықтарымыз екеніне айқын дәлел деп білемін.


Қорытындылай келе, ұлттық һәм тарихи жәдігерлеріміз – қазақ халқның сан ғасырлар бойғы рухани мәдениетінің бөлінбес бөлшегі болғандықтан,


 


күні бүгінге дейін өзінің әлеуметтік маңызын, тарихи маңызын жоғалтпақ емес. Себебі,біз мәдениетіміз бен тарихымыз арқылы таныламыз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу