Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  99


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қара теңіз толқынының тамшысы

Қара теңіз толқынының тамшысы
Жанарыңда мәңгі тұнып қалған ба?
Қарағаның – қай сырыңның жаршысы,
Көкірегімді толтырды ғой арманға.
Болгар қызы, адам деген пендені
Жаратыпты сұлулыққа ашқарақ.
Көзім сүзсем, сөге көрме сен мені,
Кей қонақтан менің жаным басқарақ.
Аңсағанда қара көзді далалық,
Саған, қалқам, көз тігемін қадалып.
Жадыраймын жанарыңнан нәр алып,
Жүрегімде мың сағыныш жаралып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу