Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  72


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ећ, қысқа күн!– Былтыр қалай өткені...

Ећ, қысқа күн!– Былтыр қалай өткені,
Бұйырмасын, есімде түк жоқ, тегі!
Таңертеңнен талмай қарап жүрмін-ау,
Алматының туғандай ма көктемі?
Жер ылайсаң, кешегі қар еріген,
Көңілімде бір сезім бар жеріген!
Күлдібадам Күн сиқы да, әйтеуір,
Мынау дулы дүниеден зерігем!
Әншейінде келмей жүрген күрмеуге
Қысқа күнді ұят жетпей тұр деуге!
Жарты ғасыр жасағанда тоймаған
Қызығымды күту енді – құр кеуде!
Ең қысқа күн – менде қалған ғұмырдай,
Мұны да уақыт жұтып қояр жұмырдай!
Ең ұзақ түн – мәңгілік тұн таянды-ау,
Үй сыртынан аңдып жүрген ұрымдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу