Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  101


Автор: Бекен Әбдіразақов

Тағы кетіп барамын тойлы ауылға...

Тағы кетіп барамын тойлы ауылға,
Бір қызық бар тағдырмен ойнауымда!
Түпкі мекен қазылып қойылғандай
Борандайдың боқ сасық қойнауында.
Дәм-тұз тартып тұр ма әлде Қапшағайға,
Сыймай жүрген пері едім ақ сарайға.
Неде болса тізгінді қоя бердім,
Байғұс қатын қақсай ма, қақсамай ма...
Мінген атым ақсай ма, ақсамай ма?
Тор сырасы көпірген бақша қайда?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу