Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  88


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ой-қырымен өмірдің қанша мың қой

Ой-қырымен өмірдің қанша мың қой
Айдағандай, мен бүгін шаршадым ғой.
Күн кешіппін он бес жыл тәлтірекпен,
Тағдыр оғы тиді кеп дәл жүректен.
Құлап түстім, айырылып өл-тіректен!
Тағдыр оғы?
Сайқал сөз былшылдаған!
Дәуренімде қылыштай қылшылдаған
Қиып түспей кесірді кесе келген,
Шаттық ұрттап шарапты кеселерден,
Сайран салдым бұралаң көшелермен.
Кім кінәлы
Тағдыр ма?
Тәңір шығар?..
Оны ойласам, қарадай жаным шығар.
«Өмір екі келмейді – шаңын шығар!» –
деп ұрандап қуғаным сағым шығар?..
Күн туды енді жүректің қанын сығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу