Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  95


Автор: Бекен Әбдіразақов

Адам не, Құдай сөзі тәрік маған...

Адам не, Құдай сөзі тәрік маған,
Баяғы семіз көңіл арықтаған!
Жүнін жұлған тауықтай күлде жатыр
Алтын құс аспанымда шарықтаған.
Шығасыға – иесі кінәлі ме,
Шешуі жоқ жұмбақ қой бұл әлі де!
Адамдар аяғынан шалыспаса,
Құдай қайдан жабысар күнәліге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу