Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  130


Автор: Бекен Әбдіразақов

Құдыққа құлан құласа...

Құдыққа құлан құласа,
Құрбақа мыжып құлағын,
Құрылдап жатса, бұл аса
Жақсылық емес, шырағым!
Шаңына жел де ілеспес
Жануар көзі мөлдіреп,
Мылжыңды мынау үні өшпес,
Жатар-ау қайдан келді деп.
Елестер сайын, сайранды
Даласы шетсіз, шексіз де!
Езбеден басы айналды,
Не дейді тақыр, тексізге!
Құланның жайын құлаған,
Құдық пен бақа сырың да,
Айтамын мәңгі, бұл адам
Естісін мейлі бұрын да!
Құланға – ұлан даласы,
Бақаға – балдыр бетпағы.
Екеуі мінсіз, қарашы,
Атаның жолын сақтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу