Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  580


Автор: Бекен Әбдіразақов

Туған өлкем

Туған жерім!
өз мекенім, өз өлкем,
Сені теңер таба алмадым сөз көркем.
Жерің – жомарт,
қойның толы қазына,
Қызығамын,
қысыңа да,
күзіңе де,
жазыңа.
Жазда қызыл қырман толып қырыңа,
Арқау болса талай ақын жырына.
Күзде ақ алтын аппақ таудай үйіліп,
Тартар көзді алыстан-ақ үйіріп.
Қаратаудан қайнап аққан қорғасын
(Неге сенің бір байлығың болмасын!)
Гэстер нұры алқабында шашылған,
Шұғыласын жұлдыздардан асырған 
Қызу қанды жандарыңның еңбегі,
Сол мінез ғой мақтанатын мендегі.
Туған жерім!
Өз мекенім, өз өлкем.
Жетпес жазсам жүз дастандық сөз көркем.
Саған, өлкем, махаббатым күшті тым,
Теңей алман оған күннің ыстығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу