29.05.2022
  113


Автор: Ескен Елубаев

ТЕПЛОВОЗ

Вагон-вагон
темiрдi,
вагон-вагон
көмiрдi,


вагон-вагон
бидайды
тiркеп алып,
зулайды!
Солқылдатқан даланы
Үнi жетер алыстан.
Iлесе алмай қалады,
Оныменен жарысқан.
Арынды да екпiндi,
Зулап қастан өтедi.
Басыңдағы бөркiңдi
Ұшырып та кетедi.
Əр вагоның – бiр дəу үй.
Əрбiр үйде – жүз адам.
Əр поезың – бiр ауыл,
Жүрген сайын ұзаған.
Зулайды жер төсiнде,
Мейлiң
жазың, қысың бар,
Бiр тепловоз өзiнде
Жүз мың аттың күшi бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу