Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  202


Автор: Балуан Шолақ

Жастық

Əй, жасымда бір адамның-ау, думаны едім,
Ұмтылып əр нəрсені қуған едім.
Əй, атадан алтау туса, əй, бар жалғыздық,
Енеден мен де сері-ай, туған едім, ай!
Ахау, халілі-лай-лім,
Ахау, халілілі-лай-лай,
Шіркін-ай, туған едім, а-ай.
Əй, бір күнде бала болдық-ай балдырғандай,
Мейірін ата-атаның қандырғандай.
Əй, қызығы бұл жалғанның, əй, оқу-білім,
Панардай шамшырағын жандырғандай, ай!
Ахау, халілі-лай-лай,
Ахау, халілілі-лай-лай,
Шіркін-ай, жандырғандай, а-ай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу