Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  185


Автор: Ибрагим Иса

Неге?

Асығайын!
Қалыпты уақыт тым аз,
Сырғып өтіп кетіпті бақытты жаз.
Өмірімнің біразын өлтіріппін,
Сайтан судың соңында кетіп біраз.
Жазылғаны маңдайға солай шығар,
Жылан кесті жолымда талай шұбар.
Шыдай-шыдай қажыған қайран жүрек,
Бұрай – бұрай берген соң қалай шыдар.
Ауылдағы шыға сап жертөледен,
Неге сонша қалаға еркелегем.
Мына жарық дүниені көре де алмай,
Ішімде өлді қаншама көркем өлең.
Мұқағали,
Төлеген, Қасым қайда?
Солар өткен аламын ғасырды ойға.
Неге ғана бейім боп тұрады екен,
Ақындардың тағдыры
Осындайға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу