Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  83


Автор: Ошақбай Суханберлин

Түсімде

Көрдім анам сені бүгін түсімде,
Жүр екенсің егін жайдың ішінде.
Масағыңды маған беріп, сөйледің,
Енді мені көрмейтіндей пішінде:
«Қара мынау көз жеткізбес ғаламға,
Кем болмассың өзің туған далаңда,
Бірге бол балам, өгейсітпес өзіңді,
Ағайының, дос, жолдасың аманда»
Осылай деп айтқан еді ақылын,
Сөйтіп өзі ұзап кетті ақырын.
Тілім шықпай, тоқтап қалдым булығып,
Кетті солай анашым-ай – алтыным.
Мен оянсам көршілер де жетіпті,
Айтқандары: «ақ өліммен өтіпті,
Бақырашқа сүт пісіріп отырып,
Пеш алдында мәңгі ұйқыға кетіпті...»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу