Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  101


Автор: Ерлан Рымбек

Несібелім

Несібелім ботақаным тәп-тәттім,
Қалай ғана бір искемей жатпақпын.
Орындықтың үстіне тұрып ап,
Айтасың жырларымды жаттап мың.
Несібелім құлыным-ау шаттығым,
Өзіңменен бірге жүрсін сәтті күн.
Сен әке деп алдымнан шыққаныңда,
Жүрегімді жылытады тәтті үн.
Несібелім балапаным қымбаттым,
Не екенін білмей өтші сырқаттың.
Жөтел қағып сен қиналып жатқанда,
Түнгі ұйқымды төрт бөлгізіп ұрлаттың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу