Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  102


Автор: Ерлан Рымбек

Есіміңді қайталап,әр жерге ойып жазамын...

Есіміңді қайталап,әр жерге ойып жазамын,
Ренжімессің болса егер,сен жайында аз әнім.
Саған деген тарқамайтын,шаттығымның алдында,
Сезімім пәк,жүрегім ақ тазамын.
Есіміңді қайталадым,күні-түні гүлім деп,
Өзің болып кеудемде,нәзік жүрек тұр гүлдеп.
Кейде өзімді мазалап,ойға батам ұйқысыз,
Жүрегіңді жаулап алған бұл кім деп.
Қарындасым болып енді қала бер,
Мен аңсаған жыр оты боп жана бер.
Сол жыр отын жалаң аяқ кешейін,
Ал сен сынап махаббатыма баға бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу