Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  119


Автор: Ерлан Рымбек

Анашым жарығым...

Анашым жарығым,
Шет жүрсем сағындым.
Өзіңсіз іштегі,
Әлемнің бәрі мұң.
Анашым ақ таңым,
Бізге жүк артпадың.
Сырқатың сыр берсе,
Алаңдап жатпадым.
Анашым жұмағым,
Көзді ашқан бұлағым.
Өзің деп ұқтық қой,
Өмірдің сынағын.
Анашым Ай-күнім,
Ақылшым байлығым.
Тоғыз ай құрсақта,
Көтеріп қайғырдың.
Анашым жарқыным,
Қымбат қой әр күнің.
Болсыншы осы жыр,
Сый ертіп тартуым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу