Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  82


Автор: Ерлан Рымбек

Өзің болдың жырларыма қуат берген...

Өзің болдың жырларыма қуат берген,
Өзегімнен тарқалады шуақты өлең.
Бақыт деген мен үшін құз болды ғой,
Сол құзға шыға алмай құлап келем.
Тек өзіңнен үміт күтіп неде болса,
Тағы да бағымды бір сынап көрем.
Екеуіңнен табылсын деп бақыт деген,-
Жан тәнімді күні-түн жұбатты өлең.
Тәңіріме табынып жалбарынып,
Бақыт деген құбылысты сұрап келем.
Сол бақытқа жетем деп өмір бойы,
Бар ғой жандар жете алмай жылап та өлген.
Бақытыма балап сені өтер едім,
Сенен жауап ала алмадым бірақ та мен.
Жауабыңды күтумен аласұрып,
Сағынышым жарылсада шыдап келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу