Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  97


Автор: Ерлан Рымбек

Неліктен сен соңғы кезде жан сырыңды жұмбақтадың?

Неліктен сен соңғы кезде жан сырыңды жұмбақтадың?
Жұмбақтадың, ал мен болсам
жүректегі өшпестей сырды ақтардым.
Қайта ғашық болу жанның қатал азабы екен,
Сондықтан да мен үшін, жаным, қымбат жаның.
Сағындым сені, сағындым,
Махаббат деген теңіздің толқынындай тасып ағылдым.
Маған деген жұмбақ суық сезіміңді
Жаға алмадым, оята алмай жаңылдым.
Қайтейін енді, қайтейін,
Періштем боп бір өзің тек табылдың,
Мен үшін енді өмірдің сенсіз бәрі мұң…
Жаным десем артық болар бір сен үшін,
Бағым десем, сол сөзімнен күйермісің.
Жарым десем, лайық емес шығармын,
Бірақ менің хал-жайымды білермісің?..
Сағыныштан тағат таппай, келгенімде,
Сонда менің бұл ісіме күлермісің?..
Сен түгілі, өзімді түсінбеймін,
Ой теңізін сапырып күрсін, мейлі.
Сеніменен кездескен әр күндерім -
Мен үшін тәтті түсім деймін.
Сенің күндей әдемі көз жанарың
Көз алдымда мәңгі елес боп жүрсін деймін.
Бес күндік мына жалғанда
Бақытқа бөленіп, қуаныштан күлсін деймін!
Бақыт қағып кірмейді есігіңді,
Біз сияқты білер ол да кешігуді.
Сол бақыттың шыңына жету үшін
Болайықшы бір-бірімізге кешірімді.
Кешір мені көңіліңнен шықпай жатсам,
Кешір мені бір сырыңды ұқпай жатсам.
Сенің әркез қимылыңды, сөздеріңді
Еске аламын айлы түнде ұйықтамастан.
Менің әрбір қиналған сәттерімде
Ашылады жырға толы дәптерім де.
Өзімді өзім кінәлаумен күн өткізіп,
Ал сені шомылдырам бақ көліне.
Осалдығым болса егер айып етпе,
Айналсыншы жұбымыз ғанибетке.
Сенің бейнең жұлдыздардың арасынан
Шақырғандай болады, айым, көкке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу