Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  71


Автор: Ерлан Рымбек

Елена

Ғашық боп көрмеп едім
Орыстың аруына,
Өмірде сенбеп едім
Тағдырдың жазуына.
Ниетім құлады ғой,
Аяулым, бір өзіңе.
Жүрегім жылады ғой,
Өкініп бұл өмірге.
Қайырмасы:
Елена!
Жанға біткен асылым.
Елена!
Махаббатым, ғашығым.
Елена!
Жүрегімнен ән болып,
Елена,
Шығармысың жасырын.
Дініміз екі бөлек
Адамнан жаралғанбыз.
Тіліміз екі бөлек
Жандардан таралғанбыз.
Ғашық боп жанарыңа,
Сырымды айта алмадым.
Махаббат аралынан
Үйіме қайта алмадым.
Қайырмасы.
Әнімді өзіңе арнап
Көңілді жұбатамын,
Көркіңді күнге балап
Әлемге жырлатамын.
Сен мені ойлайсың ба,
Айналып күн нұрына?
Сөзімді қолдайсың ба,
Шомылып жыр нұрына.
Қайырмасы:
Елена!
Жанға біткен асылым.
Елена!
Махаббатым, ғашығым.
Елена!
Жүрегімнен ән болып,
Елена,
Шығармысың жасырын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу