Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  80


Автор: Ерлан Рымбек

Келді ғой көктем көгімен...

Келді ғой көктем көгімен,
Көгінде гүлдер өрілген.
Сәулесі күннің от болып,
Шуағы ән боп төгілген.
Әніме қосып анамды,
Айтамын дархан даламды.
Есіме алып достарды
Көңілім кейде алаң-ды.
Өрнектеп өмір жолдарын
Жазып кетсем – сол бағым.
Сыймайды-ау, әттең, бойыма
Жүректе тұнған арманым.
Ағысы судың жырақта,
Сіңді ғой үні құлаққа.
Көңілім бір сәт күйзелсе
Барып қайтам бұлаққа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу