Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  128


Автор: Ерлан Рымбек

Өткен күннің беттері жабылған жоқ...

Өткен күннің беттері жабылған жоқ,
Саған деген махаббатым – жағылған от.
Сүйем дедім бір кезде, сүйіп жүрмін,
Сол сөзімнен мен әлі жаңылғам жоқ.
Жанымды сен баптап, күйттесең де,
Ауыр міндет басыма жүктесең де,
Әлі сені сүюмен күтіп жүрмін,
Мен әзірмін қанша жыл күт десең де.
Жатсынып кеттің бе, әлде, әр сөзімнен,
Адасып кеттің бе, әлде, пәк сезімнен?
Қамшылатып жанымды, сілкіндіріп,
Өзіңді ойлап қайғыдан езіліп ем.
Жөн сұрасам тағдырды кінәлайсың,
Жүрегіңді сен маған буламайсың.
Жат болғаным соншалық өзіңе мен,
Халімді де бір мезгіл сұрамайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу