Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  125


Автор: Ерлан Рымбек

Достарыма

Жан-жаққа кеткен тарап құрдастарым,
Міне, бүгін сендерге арнап жыр бастадым.
Есімде әлі қоштасып балалықпен
Жастық шақ деген биік қырды асқаным.
Қаз-қатар тізілген көп парталары
Мектептен білім алдық сан-салалы.
Адам қылып шығарған бәрімізді
Аяулы ұстаздардың арқалары.
Тентектік, бала қылық болған шығар,
Ал қазір азаматпыз бәрін де ұғар.
Қашан бір кездескенде қуанышпен,
Құрбылар күлімсіреп алдан шығар.
Өмірдің бәйгесіне қостық атты,
Дұшпанымыз күлдіріп, дос жылатты.
Қиындықтың барлығын сездірмейтін,
Жасай берсін ұлы күш - Достық атты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу