Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  104


Автор: Ерлан Рымбек

Біз екеуміз

Мөлдіреген көзің
Жанымды алды баурап,
Сүйем деген сөзің
Кеудемде жанды лаулап.
Саған деген сезім
Жанымды өртеп барад,от болып.
От бердің сөнбестей
Жалынды бағыма,
Қарайсың көрместей
Қиналып тарыла.
Кеттің-ау келместей
Дерт салып жаныма, жоқ болып.
Сені ойша құшып
Аймалаймын, жаным.
Сезім оты өшіп,
Сөнгені ме бағым?
Кетті бу боп ұшып
Махаббатым-әнім бұлт болып.
Қайырмасы:
Біз екеуіміз әнбіз,
Қосылмаған жанбыз.
Қос жүректен қалған,
Өшпесе екен мәңгі із.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу