Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  130


Автор: Әбубәкір Қайран

Мас

Дүние – бір от,
Дүние – жүрек,
Дүние – тайғақ,
Дүние - тірек.
Мас келеді бәрін тіреп,
Қабағына таулар түнеп.
Ай ай емес,
Жай бір табақ.
Жер жер емес,
Құр сырғанақ
Ағаш біткен аң секілді,
Жұлдыз біткен шам секілді.
Анау тұста қарауытқан,
Бір құпия бар секілді.
Өмір-елес.
Өмір – егес.
Өмір деген...
Өмір емес!
Кел, салғылас, кел, төбелес,
Бүгін... Бүгін... Ертең емес...
Үй үй емес,
Ойран-ботқа.
Жар жар емес,
Ол бір шошқа!
Бала деген бар секілді,
Басы үрлеген шар секілді.
Мынау терең жар секілді,
Ал секірді... Ал секірді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу