Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  91


Автор: Серік Әбіл

ӨМІР ƏНІ

Тірлікте бұл əр жанның сыйы бөтен,
Əні бөтен, күмбірлі күйі бөтен.


Мына өмір соны маған сезіндірді,
Достасудан қоштасу қиын екен.
Алдағы арман қиялға қызықтырып,
Ертең күннің елесі сыр ұқтырып,
Қуаныш пен қайғының бəрін
-дағы
Өмір əні кетеді ұмыттырып.
Кездерім аз күлмеген, жыламаған,
Шын жақсылар бір
-бірін сынамаған.
Мына өмір соны маған сезіндірді,
Айрылысып
-қосылып тұрады адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу