Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  128


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Аңдымаймын бұл күнде есігіңді...

Аңдымаймын бұл күнде есігіңді...
(Елеңдеймін естісем есіміңді)
Сені қайдам...
Ал өзім жүріп-жүріп
Ұмыта алмайтындығымды кеш ұғындым!
Ауылың қашан кеткелі болып сағым?!
Сезіміңді келеді анықтағым.
Сені қайдам...
Ал өзім қарай-қарай
Суретіңе жалғыз-ақ жалықпадым!
Мен періште болсам ғой...
жолығар ем
Қабағыңа мұң болып қонып өлем!
Сені қайдам...
Ал өзім іздей-іздей
Кеткендеймін мәңгілік болып өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу