Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  116


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Жапырақ пен шөп

Көк жасыл түске бөленген
Сұлулық пенен бар өмір.
Арулар айтқан өлеңмен
Ақындар жазған және жыр.
Бояу да, сыр да, сезім де,
Өзің де ғұмыр әдемі,
Нәзіктік пенен төзім де,
Жылу мен діріл әуені.
Құмартып саған сүйіне,
Күкірттен, дәрі, оқтан да,
Қорғайды сені дүние,
Өртпенен жалын оттан да.
Мен сенен үміт үзбеймін,
Тірліктің титтей бөлшегі –
Жапырақтан, шөптен іздеймін,
Өмір мен бақыт мен сені




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу