Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  115


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Арасын білу жанашыр жат пен жақынның....

Арасын білу
жанашыр жат пен жақынның,
Сарасын ұғу
ашу мен сабыр, ақылдың,
Мен үшін, достым,
түспеді, сірә, оңайға,
Ілместен кірпік
таңдарды талай атырдым.
Жарық бір жұлдыз
ағып та сөнген түн көрдім,
Жоспарын сыздым
үмітпен келер күндердің.
Гүл жайнап тұрған,
бал татып тұрған өмірде
Шеңгелдер барын,
тұз көлі барын білген кім?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу