Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  98


Автор: Аманхан Əлімұлы

Айқай

Сол жағымда көк теңiз өткiзбейтiн.
Ортасында кеңiстiк қап-қараңғы,
Көзiм түктi көрмейдi көктi iздейтiн.
Қараңғылық жайлаған жер мен көктi,
Қоңыр күзде түсi оңып ермен шөктi.
Мық жусанның иiсi мұрынға ұрып,
Жанға жайлы тиедi термен төктi.
Теңiз жақтан сеземiн салқын лептi,
Дала жақтың сеземiн қалпын тектi.
Бастым келiп айқайға, кеңiстiктi,
Жападан жалғыз жайлап жалқы үн кеттi.
Гулейдi ызды жақта қалың маса,
Жiгiт те емес едiм алымды аса.
Дiттеген жерге дауысым жетпей қойды,
Күптi өлең бiр құлаққа шалынбаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу