Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  128


Автор: Аманхан Əлімұлы

Телефонда

Белгiсiздеу алғандығы естi кiм,
Ала құйын сапырынды кеш бүгiн.
Өзiңдi мен көрмесем де жан көке,
Сəл мұңлылау дауысыңды естiдiм.
Бiреулерге дүние-мүлiк, мал қайғы,
Сұрай бердiң қайта-қайта хал-жайды.
Жан жолықпай жалау болар жаныма,
Тасқа соққан жағдайым бар маңдайды.
Айта-тұғын телефонда сыр да емес,
Жас кездегi көз алдымда тұрды елес.
Алматылық болып алдым, бiрақта,
Алдырмастан келе жатар жыр белес.
Қылаулатып кiдi қыстың ұнтағын,
Қараңғылық айналаны қымтадың.
Сөзiмдегi сезiнгенмен қапаны,
Көзiмдегi көрмедiң сен мұң табын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу