Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  70


Автор: Сабырхан Асанов

Қыс та келді мұз қатып қанатына...

Қыс та келді мұз қатып қанатына,
қалды мүлде жайқалмай қала тына.
Күңде онша жарқылдап күлмей қойды,
жымиғаны болмаса ара-тұра.
Ертелі-кеш күн бар ма су қатпаған,
үйрене алмай аяғы тулап бағам.
Алматыда жүгірер ырсыл қағып,
машиналар тынысы будақтаған.
Жаураған соң жан бар ма қысты ұқпаған,
бейне армандай құс кеткен түстік маған.
Жалаңаштап кеудесін Алатау тұр.
Алатау тұр тек жалғыз ыстықтаған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу