Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  107


Автор: Гүлбақыт Қасен

Сүрінсем - сын

Қиындықтар –
тиесілі еншім бе?
Айтшы, Тағдыр, жігер-күшім кемшін бе?
Жамап-жасқап білдіртпеймін жоғымды,
Сенім артам еңбек атты елшіме.
Жамандықтар –
бойымды алған үрей ме?
Не бәлекет, түгін тартса түлей ме?
Жақсы ісімнің өтеуін бер, Жаратқан,
Жем етпегін мені соқыр дүлейге.
Сәтсіздіктер –
сорым әлде, бағым ба?
Өтінемін, Тағдыр, маған тарылма.
Құлауға да, жылауға да хақым жоқ,
Сүрінсем – сын, ақылыма, арыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу