Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  100


Автор: Гүлбақыт Қасен

Асқақ үн

Күндерге Күндер, Үндерге үндер қосылған,
Жақсы күнге тарту болсын тосын ән.
Ана тілде ақтарылсын ақ тілек,
Өлең-жырмен ажарлансын осы таң.
Айларға айлар, Арнаға арна тоғысқан,
Туған тілім айдай болып толысқан.
Тіл сарайы Жетісудың төрінде,
Ұлылыққа тұрар әркез жол нұсқап.
Жылдарға жылдар, Жырларға жырлар жалғансын,
Ардақты елге асыл сөздер арналсын!
Ел мүддесін ұштастырған еңбекпен,
Арыстарым өз бағасын алған шын.
Ғасырлар бойы, Асырған ойын, мақсатын,
Бабаларым осы күнді аңсапты.
Қазақ тілін асқақтатып Ақ сарай,
Шыға берсін Жетісудың жақсы аты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу