Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  90


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ғажап сыр

Біз білмейтін бұл өмірде сыр бар ма?
Заманымыз толды ғажап сырларға.
Дүниені ұшқыр оймен шарлаған
Күміс шашбау тақты ақын жырларға.
Ерік беріп тіл мен көмей, ойына,
Шындық айтса тыңдай бергін, мойыма.
Ғажап сырдан алқа тізіп ақындар,
Шақырады бір күн сені тойына.
Өмір сырын ақындардан білесің,
Таусылмасын өнердегі үлесің.
Ақындыққа өзіңше бір үн қоссаң,
ЖауҺар жырдың жұмағында жүресің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу