Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  103


Автор: Ескермес Жақсымбетұлы

«Сыр сұлуы»

Асқақтаған арман-ойы, қиялы,
Осы өңірден өткен талай зиялы.
Басып өтіп Қызылорда аймағын,
Сыр сылаңдап Аралына құяды.
Ақ айдынға құлайды кеп көктен нұр,
Төгіледі шабыттана көктем-жыр.
Арал теңіз сахарада шалқыған,
Ақбөкеннің жанарындай мөп-мөлдір.
Айдынында шағаласы шулаған,
Алтын Арал ақындары жырлаған.
Талай-талай алып қалған аштықтан,
Балығымен асау тайдай тулаған.
Жерұйығы, бұзылмаған қаймағы,
Бауырмалды тұрғын халқы жайдары.
Ән мен жыры кеудесіне сыймаған,
Аты шулы ақ күріштің аймағы.
Шәмші келді, жұртқа анық ол жайы,
Естіді бар жақыны мен шалғайы.
Хатшы обкомда Жарқынбеков Қаржаубек,
Шақыртыпты, қабылдады арнайы.
Қадірлейтін ұлы өнердің жақыны,
Жазуға өлең бармады ешкім батылы.
Сенімді дос бар Зейнолла Шүкіров,
Сыр бойының аты шулы ақыны.
Толқын әнмен таптырмаған тағатын,
Жаңа ән самғап, кеңге жайды қанатын.
Сырдың бойын әсем әуен тербеді,
«Сыр сұлуы» деп атады ән атын.
Шамші-дария
62
Ағылды кеп жеделхаттар тасқыны,
Деп түсінді «ән есігін ашты ұлы».
Облыста жас Оразбек Бодықов,
Мәдениет бөлімінің бастығы.
Сазгер менен ақынының бағы асты,
Көшеде бір жүргендері жарасты.
Енді әншілер сахнаға шығарып,
Әнді алғаш орындауға таласты.
Тыңдарманы қолын соғып залдағы,
Орындалды деген сәтте арманы.
«Тұсау кесер» салтанатта бір жас қыз,
Ұятты ғып, әнді орындай алмады.
Сахнада қыз да әбден қысылды,
Басындағы ән бақытын ұшырды.
Таныстықпен келген бөгде жан екен,
Дауысы жетпей ән қадірін түсірді.
– Ел парызын,- деді,- қалай өтеймін,
Қасіреті болды анық көкейдің.
Қарындасы болып шықты әлгі қыз,
Атақ құмар қызметкер бір дөкейдің.
Сарай үнсіз, уақыт өтіп барады,
Ән күткеннің жүректері жаралы.
Сахнада шырылдайды бос кеуде,
Ұялғаннан халық жерге қарады.
Тірлікте көп шебер емес олағы,
Өнер бағы шын талантқа қонады.
Қасындағы Оразбек пен Зейнолла,
Амалсыздан жұбатқандай болады.
Бәлкім бұған болған шығар күлген де,
Күйзелісте жүрді Шәмші білгенге.
Шырқап берді әнші Ришад Абдуллин,
Тоғыз айдай жолы болмай жүргенде.
Осылай бір көрсетті әнші ірілік,
Қалың елдің назарына ән ілініп.
«Сыр сұлуы» шырқап кетті қайтадан,
Сахнаға шыға бере сүрініп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу