01.05.2022
  190


Автор: Жұбан Молдағалиев

АҒАЙЫНДАР КЕЗДЕСТІ

(Татар мәдениетінің Алматыдағы апталығы)
Ағайынды адамдар кездесті. Ағайындыәдебиеттер, ағайынды мәдениеттер кездесті. Соларқылы халық пен халық дидарласып, өрен жүйрікөлең-жырлары мен өнерін ғана емес, бүкіл өскенөркенін, өзекті өмірін алдымызға жайып салды.
Туысқан татар әдебиеті мен мәдениетінің октябрь айы аяғында Алматыда өткен апталығыныңқуаныштылығы да, маңыздылығы да міне осыжәйтте жатыр.
Мұның алдындағы кейбір тәжірибеге қарағандабұл апталық ешқандай алдын-ала даярлықсыз (демек, ырғалаң-жырғалаңсыз) «аяқ астынан» пайда болды. Осы бір тосын тұтқиылдық, жасыратыны жоқ, бізді, жазушылар қауымын басындабіраз жүрексінткендей болды. Жай басып, «жалпақалуға» дағдыланған біздің есімізге, мысалы, өзбекәдебиетінің онкүндігіне екі жыл әзірленгеніміз, соғанбайланысты қазақ тілінде ондаған өзбек кітаптарыншығарғанымыз түсті. Ал мынаған екі ай даярлануғада мұрша болған жоқ.
Бірақ, бір жақсысы, құр алақан емес екенбіз.Туысқан татар әдебиетін қазақ оқушылары арасында насихаттауда ешқандай науқансыз-ақ едәуіржұмыс істеппіз. Қазақ тілінде Ғабдолла Тоқай менМұса Жәлелдің құдіретті жырлары, Ғалымжан  Ибрагимовтың «Қазақ қызы», «Терең тамырлар»,«Алма шұбар» сияқты тамаша шығармалары, ҚауиНәжімидің «Көктем гүлі», Ғумер Башировтың«Намыс», Ахмет Файзидің «Тоқай» романдары, Гаділ Кутуйдің «Жіберілмеген хат», ФатихХұснидің «Жаяудың соқпағы», Ғариф Ғобайдың«Мараттың тағдыры» повестері, Нақи Исанбеттің«Мұса Жәлел» пьесасы, татар әңгімелерінің жинағымен көптеген татар ақындардың жеке өлең, дастандары шығыпты. Қазіргі татар прозасының көрнектіөкілі Ғабдрахман Абсалямовтың «Сөнбес оттар»романы да қазақшаға аударыла бастапты.
Ойланып қарасақ, бұл жағынан татар жазушылары да қарыздар қалмапты. Абай мен Жамбыл, Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов, СәбитМұқанов пен Ғабит Мүсірепов шығармалары Тоқайтіліне аударылыпты. Бірақ қадірлі қонақтар мұныазсынып келген тәрізді.
Бұл жөнінде Жазушылар одағындағы бір сырласу үстінде Ғабиден Мұстафин орынды пікір айтты.
– «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесіұялады» деген мақал бар қазақта, – деді ол. –Бірақ, менің байқауымша, қадірлі туысқандар, келген сіздердің де, қарсы алған біздердің де ұялатынештеңеміз жоқ сияқты. Туысқан әдебиеттерді насихаттауда екі жақ та қарап қалмапты, едәуіреңбек етіпті. Әрине, мұны біз қанағат тұтпаймыз.Бірақ кітап шығару, аударма мәселесін осындайапталықтарға ғана орайластырып, науқанға айналдырып жібермеу керек. Алас-қапас шығарылғаналақол нәрседен, асықпай істелген аз нәрсе жақсы.Және туысқан әдебиеттер үлгілерін басып шығару ісі
 оқта-текте емес, әр уақыттағы баянды, ойлы, жоспарлы жұмысымыз болуы шарт.
Сайып келгенде осы мәселе апталық үстіндегіәңгімелердің ең бастысы болды және қонақтар да,қожайындар да солай деп сөз байлады.
Осы арада жазушылар назар аударған тағыбір маңызды жәйтті айта кету керек. Егер біздіңсырттай, кітаби байланысымыз біркелкі бар десек,аяқтай байланысымыз, өзара араласымыз жоқтыңқасы екен.
– Ғабдолла Тоқай, Мәжит Ғафури, ҒалымжанИбрагимов, Қауи Нәжімилер қазақ өмірін өзкөзімен көрген адамдар, – деді Ғабит Мүсіреповбір әңгімеде, – сол секілді бір кезде татар тұрмысынмына аға буын біздер де жақсы білетінбіз. Тіпті аудару өз алдына, біз татар әдебиетін түп нұсқасынаноқитынбыз. Біз, мысалы, қазір Тоқай, Тақташөлеңдерін жатқа айтамыз да, кейінгі ақындардыңкөбіне есімдерін ғана білеміз. Біз «Ғалия
Бану», «Орман қызы», «Көкек әндерін» баяғыданбері аузымыздан тастамаймыз да, осы күнгі татарәндерінің ешқайсысын жырлай алмаймыз. Осыныңбәрі аяқтай араласуымыздың, творчестволыққарым-қатынасымыздың кемдігінен болған нәрсе.Және бұған бірден бір кінәлі – жазушылардың,өнер иелерінің өздері. Шақыру күтеміз, өздігімізденқозғала қоймаймыз.
Рас-ау! Татар халқы мен қазақ халқы төскейдемалы, төсекте басы араласып кеткен халықтар.Олардың тарихи тағдыры да ұқсас. Бүгіні менкелешегі де бір. Ендеше біздің жазушыларымызбарған сайын араласа түсуі керек. Екі халықтың та-
 рихи достығын, Совет өкіметі жылдарындағы ұлытабыстарын ортақ жырлауы қажет. Көрісіп-білісудіңкеректігі де осы үшін. Егер Ғалымжан Ибрагимовкөп жыл қазақ өмірін өз көзімен көрмесе, «Қазаққызы» сықылды өлмес шығарма тумаған да болареді. Сондай-ақ өзара кітап саудасын да жолға қоюқажет. Қазақ кітаптары Татарстанда, татар кітаптарыҚазақстанда неге кеңінен сатылмасқа? Оқушылартабылады. Қазақ халқы Тоқай өлеңдерін қазақ, орыстілдеріне аударылмай тұрғанда-ақ білген.
Осындай келелі мәселелерді қозғай отырып,татар әдебиетшілері біздің Жазушылар одағыныңұйымдық жұмыстарымен де танысты. Қандайтворчестволық секциялар бар, олардың негізгіқызметі не, шығармаларды баспаға ұсыну тәртібіқалай, жас жазушыларға қандай көңіл бөлінеді,көркем әдебиет баспасының жоспарында аудармашығармалар қанша орын алады? – Осы сұрақтарекі жақтан да көп әңгіме туғызды және пайдалы даболды.
Апталықтың болса, «әттеген-ай» дерлік бір-ақжағы болды. Қонақтар республиканы аралай алмады. Оған о баста айтылған тығыз-таяңдық пенкүзгі мезгіл жауапты. Бірақ ұлан-байтақ тамашажеріміздің бір кесегіндей Алматы аумағында болса да, біраз нәрсе көрді. Соның ішінде ұмытылмасәсер қалдырғандары – әсіресе еңбек адамдарыменкездесулер.
Сол кездесудің бірі Жамбыл ауданының XVIIIпартия съезі атындағы колхозында болды. Бұлкоммунистік еңбек колхозы атағын алу үшін күресіпжатқан алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі
 екен. Халқы да көп ұлтты. Колхоз председателіЖайлаубай Иманғалиев татар жазушыларыменкездесу кешін аша отырып, қоңақтарды колхозшаруашылығымен таныстырып өткенде, олардың:
– Бәрекелді! – демегені болған жоқ.
Колхозшы Күлән Асылбекова мен мұғалімӘшімбек Сатыбалдиевтің құттықтау сөздері де татар халқына деген туысқандық ықыласқа толыболды. Әсіресе пионерді айтсайшы! Олар татартуысқандардың мойнына қызыл галстук тағып қанақойған жоқ, олардың өлеңдерін де татарша жатқаайтып берді.
Ал, колхозшылар мейман қаламгерлер НақиИсанбет, Мирсай Әмір, Фатих Хұсни, Хасан Тофан, Сибғат Хаким, Нури Арсланов, Заки Нури,Илдар Юзиевтердің өлеңдері, әңгімелерін тыңдады.Оларға қазақ ақындары Әбділда Тәжібаев пенҚалижан Бекхожинның үндері, Қазақстанның халықартисі атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің асқақ әніқосылды.
– Мен қазақтың көне өмірін де көре қалғанадамдардың бірімін, – деді татар жазушыларыныңағасы Нақи Исанбет. – Бірақ ол кездегі көргеніммен бүгінгі көргенімнің арасы жер мен көктей.Өскен деп те, өркендеген деп те тек сіздердей адамдарды айтамыз. Сіздердің шын мәнінде бақыттыекендіктеріңізді көріп отырмыз. Қала берсе, осыкездесуді достық мерекесі демегенде не дерсің?!Қандай ықылас, қандай ыстық құшақ, қандай махаббат белгілерін көріп отырмыз! Біз мұны бүкілтатар халқына айтып барамыз, жыр етеміз.
 Қазақ халқы қадірлі қонаққа дастарханынкөрсетпей жіберген бе! Сол дәстүрді ол колхозда бұзған жоқ. Татарстан Жазушылар одағыныңпредседателі Мирсай Әмір сол дастарқан үстінде бірәдемі сөз айтты.
– Жаңа біз колхозшылармен кездестік,ауылыңызды араладық. Тамаша емханаларыңыздыда көрдік. Ондай емхана бұрын ауыл түгіл қаладада болмаған. Соларды көре отырып, меніңтілейтінім: далаңыз мал мен егінге, клубтарыңызадамға, дастархандарыңыз тағамға толы болсын!Орамдарыңыз бау болсын, халқыңыз сау болсын,көңіліңіз хош болсын, емханаларыңыз бос болсын!
Осы кезде татар жазушыларының өзге бірекеуі – Ғабдрахман Абсалямов пен филологияғылымдарының докторы Хатип Усманов Алматыдахалық мәдениет университетінің тындаушыларыменкездесті. Татар жазушылары, әсіресе Ғабдрахманоқушылармен жолығысуға өте құмар. Мысалы,ол осы күндерде «жоспардан тыс» Алматыныңкөпшілік кітапханасында, қазақтың Абай атындағыпедагогикалық институтында болып, жастарға татарәдебиеті туралы, өзінің творчествосы жайында айтып берді. Ғабдрахман қаланың Гагарин атындағытігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесуге деқуана қатысты, оларға өзінің кітаптарын сыйға тартты. ССРО Жоғарғы Советінің депутаты Ғ.Абсалямовхалықпен дидарласуды үлкен азаматтық борыш дептүсінеді.
– Бик әйбәт фабрика, а халқы оннан да әйбәт!– деп қорытты қонақтар ол кездесуді.
 Гитлершілдер қолында ерлікпен қаза тапқанатақты азамат ақын, Совет Одағының Батыры,Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұса Жәлел есімібүкіл совет халқына ардақты. Ал татар халқы аяулыұлын, жалынды ақынын, әлбетте, онан сайынқадірлейді. Ол осы апталық тұсында айқын көрінді.Қонақтар Мұса Жәлел жөнінде арнаулы әдебимузыкалық кеш программасын даярлап әкеліпті. Бұлкеш Алматының нағыз беделді залдарының бірінде– жоғары партия мектебінің залында өтті.
Кеште болғандар жауынгер ақынның өмір жолы,ерлігі мен творчествосы жайында сөз тыңдады, суреткөрмесін көрді, Мұсаның өз өлеңдері мен Мұсатуралы өлеңдерді естіді. Ақынның әсіресе «Моабитдәптері» аталатын атақты өлеңдері тыңдаушылардықатты тебірентті. Қазақтың С.М.Киров атындағымемлекеттік университетінде поэзия кеші болды.Әдебиеттер достығы – халықтар достығы. Қазақ,татар, орыс ақындары қатысқан бұл кеш нағыздостықтың жарқын көрінісі боп өтті.
Уақыты аз болса да қонақтар Алматыны аралап,оның әдемі жерлерін көріп кетуге талпынды.Айтулы Есік көлін де тамашалап қайтты, қаламдасқазақ бауырларының үйлерінде де болды. Қайда даәңгіме айналып-үйіріліп көбіне әдебиетке, ортақміндетімізге, творчестволық қарым-қатынастынығайта беру мәселесіне соға берді.
Қонақтар өз үйінде болғанда Ғабит Мүсіреповоларға бір театр жарнамасын көрсетті. Бұл Ғабеңнің«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының Қазансахнасында 100-ші рет қойылуы жөніндегі бұдан
 10 жыл бұрынғы жарнама екен. Татар достар мұныавторға арнап жіберіпті. Соны көргенде:
– Мұндай жарнаманы мен де арман етем, –деді драматург Нақи Исанбет күліп. Ол «қазақтеатрында» деген сөзді айтқан жоқ, бірақ айтпасада түсінікті еді. Және де заңды үміт.
Біз, алматылықтар, астанамыздағы Абайескерткішін – қаламыздың көркі деп те, ұлыақынымызға деген зор құрмет деп те мақтанышетеміз. Бұл ескерткішті көріп татар достар да мықтаприза болды. Оған арнап венок апарып қойды. Оларосы мақсатпен Мұхтар Әуезов зиратының басындада болды. Сонда татардың ақ шашты ақыны,медреседе Бейімбет Майлинмен бірге оқыған ХасанТофанның бір құлқы мені көзімнен жас шыққандай тебірентті.
Мұқаңның зиратын көргенде Хасан ағайдың тереңтолқу сезіміне бой алдырғанын бірден байқадым.Сондықтан қалтасына қолын салып, тер орамалыналғанда, жасаураған көзін сүрткелі жатыр екен депойладым. Бірақ Тофан өйткен жоқ. Тәжім еткендейеңкейе беріп, қабірден бір шөкім топырақ алды да,аппақ орамалына әспеттеп орап, қалтасына салыпалды... Бұл – қасында тұрғандарға көріну, көзқылу емес, дөкей-талант рухына деген қадір-құрметбелгісі еді. Татар туысқандардың осындай ыстықсезімін Жамбыл музейіне барғанда да байқадық.
Мен апталықтың әдеби бөлімі туралы ғанаайтып отырмын. Өзге жағы жөнінде бірер сөзайтсам, Алматыға Татарстаннан жүзге тарта өнериелері де келді. Татар әндерін баяғыдан сүйетінхалқымызға олардың тамаша концерттері үлкен өнер
 мерекесі болды. Татарстанның мемлекеттік ән-биансамблі, Мүнира Болатова, Фахри Насреддинов,Рәисә Біләлова сияқты таңғажайып талант иелеріалматылықтардың жүректерін әбден баурап алды.Олармен бірге апталық күндері Алматыда татардыңкомпозиторлары мен суретшілері де өз өнерлерінкөрсетті.
Апта деген немене, «ә» дегенше өте шықты. Бірақсоның өзінде де қазақстандықтар туысқан халықтыңтамаша өнері мен әдебиетінен оның бүкіл талантын,еңбегі мен ерлігін, коммунистік құрылыстың ғаламатжемістері мен жеңістерін көргендей болды.
Ал, біз әдебиетшілер, творчестволық, туысқандыққарым-қатынасымызды нығайту шараларынбелгіледік. Ақырында және бір қорытқанымыз:пәлендей даярлана алмадық десек те, апталықойдағыдай өтті. Тіпті кейде «даярлық» деген сөздіңөзі осындай шаралардың тез жүзеге асырылуынабөгет те болып келіп еді. Шынында да туысқанмен туысқанның кездесуіне қандай ала-бөле әзірліккерек? Тек соның пайдалы, жемісті болуы жағын
ғана қарау қажет емес пе?
Татар достар Қазақстанның өнер иелері мен жазушыларын Қазанға шақырып кетті. Сөз жоқ, ол кездесулер де қызықты болмақ, халықтар достығына қызмететпек. Міндетіміз де, мақсатымыз да сол қызмет.
1962




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу