Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  115


Автор: Рафаэль Ниязбек

БІЗ ҚАЙ ЕЛМІЗ?

Арыстан азып ит болған,
Көк бөрі азып бит болған.
Өрісті өскен елдердің
Итбалықтары кит болған.
 Шұғыла шашпай айы өрге,
Күндері қарап әйелге,
Үйде ішіп жатса еркегі
Ұқсаймыз сонда қай елге?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу