17.04.2022
  295


Автор: Қалижан Бекхожин

БАҚАЙ ТАУДЫҢ БАУЫРЫНДА

Мал өсірсең – қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.


 


Қой семізі – қойшыдан! Қой – жерге бітеді.


(Халық мақалы)


 


Құз тастар қозғалған ба Таусүгірде, Алқабы алашоғыр асыр мүлде?


Бақай мен Матай әлде үндесті ме,


Қос таудың жаңғырғандй даусы бірге.


 


Самсаған салт аттылар самаладай,


Жиын жұрт, толқындай деп шамала жай! Бөктерге күмбез үйлер қаздай қонса,


Қой өрген көк жайсаңда шағаладай.


 


Қол бұлғап қызыл тулар шаңырақтан, Қыз қойшы әсем әнді аңыратқан!


Апырау, бұл неткен той? – Таусүгірге, – Жарықтық машинамен шаң боратқан.


 


Қой толқып аңғар тауға ала құрған, Ауылға, әзір тойға, алда тұрған, Малшының, егіншінің, арасында, Ақын мен әнші келеді Алматыдан.


 


Расында да, үлкен той екен. Бақай таудың бауырына, Таусүгірдің бұйра бөктеріне бүгін, 24 май күні Шелек ауданына қарасты бел-белестен, сай-саладан, жас-кәрісі аралас нелер саңлақтар жиналыпты. Баяғыда Бақай батыр мен Матай батыр осы өңірдегі бірі түстікке, бірі терістікке жантайған сонау заңғар екі тауға көктем сайын келеді екен де – ел амандығын, мал амандығын сұрастырып, алыстан айғай салып үндеседі екен, мал баққан елін жаудан қорыған екі ер осылай сұс көрсетіп Таусүгірді зор айғаймен көктем сайын жаңғыртып кетеді екен. Сол Матай мен Бақай ұрпақтары, қазіргі қой өсірген совхоз марқасқалары да көктем сайын осынау бір киелі бөктерге келіп, қыңыр қыстан шетінемей аман шыққан мал жайында, өсер-өнер төл жайында, мемлекет алдындағы парыз-қарыздары жайында мәслихат құратын болыпты. Жақсы дәстүр емес пе?!


 


Міне, мерекелі күнге лайық көрікті киімдер киген кәрі-жасы аралас шопан ағайындар орта алаңдағы биік төбеге жиналды. Мұнда қолма-қол, жаңа ғана жасаған дала театры тұр. Кәдімгідей сахналы, қатар-қатар орындықты. Мәслихат жедел басталып кетті. Жиналыстың қақ төріне, алдыңғы қатарға ең озат шопандар отырғызылды. Басқарма мен партия басшылығындағы жолдастар сол игі істің өнегелі иелерін мақтан ете таныстырып жатыр.


Ер шопандарға жарыса шыққан әйел саңлақтар да аз емес екен. Қажырлы қартта мен әлекедей жаланған ер жігіттер де ексімдеп сөйлей берген соң, бір кезде мінбеге «Жарсу» совхозының қой бастаған серкесі – Кіртаева Күләйім шыға келді. Жай отырғанда момын пішінді қара қоңыр әйел, мінбеде ағытыла сөйлеп тұр:



  • Әу, еркек жолдастар, мен қайсыңнан кеммін, он жеті жыл қоралы қойды мәпелеп өсіріп келемін. Бір жыл жаманатқа ұшырадым ба? Жақсы, озық дегеннен басқа атаққа ие болдым ба? Біздің «Жарсу» совхозының жұлдызы болған, жүз саулықтан 114 қозы өсірген Мариямханды неге алдымен атамайсыңдар? Солар жаңағы мадақтаған Омаржаннан, Мажаннан, Тұрыскеннен кем бе? Мына «Масақ» бойындағы арық қойларды көргенде біздің ызамыз келеді, қыстан көтерем болып шыққан қортықтарын санап мақтанғанша, біздің


«Жарсу» жайылымындағы семіз қойларымызды көріп, көңілдерін тоғайтпай ма? – деп әзілдеп қағытып өтті. Отырғандар толғанып та, қозғалып та қалды.


 


«Жарсудың» жер түлеген аймағында, Кең жайлау ен өріс бар қой бағуға.


Асының ассаң сонау асқарына, Барасың қалың қойдың қайнарына.


 


Қойлар ма, қойтастар ма қыбырлаған? Арқар ма, қошқары ма, қырындаған? Қызығып қой мыңғырған «Жарсуыма», Қой сүйсе, жолаушы жоқ, бұрылмаған.


 


Асының ақша қарлы ала шыңын, Айналып айдап қойды аласұрдым. Разымын еңбегіме, жүр соңымда, Қозыны бағып бірге балашығым.


 


Жазда бұл иісі жұпар гүл айында, Көшкенде Асы сынды ну айдынға. Іздесең сезімдерді, егіздерді,


Бара гөр Мариямхан мен Күләйімға.


 


Жүлдеге қосамын мен «Жарсуымды», Қалаймыз бәйге атындай жарысуды. Құзына Асы таудың қой өрмелеп, Өтеді өткел бермес жарып суды.


 


Қой қасы – қарлы қақбас қыс айыңды, Жеңген бұл қойшыңда бар күш айбынды.


«Жарсудың» сертін айтсын астанаға, Ұсындық өкілдікке Құсайынды.


 


Күләйім солай толғанды. Еркін, шалқи сөйлеп тұрып, сыйлық ретінде үстіне жабылған жібек жамылғыны да аңдамай қалды. Күләйімнің жоғарғы сөздері қозғады білем, мінбеге «Асы»


 


совхозынан Рақышев ақсақал асыға шықты. Отыз жылдай қой өсірген майталман, құтты қарттың алдынан қотан толған қойлар өріп, Отан игілігіне  мыңдаған пұт ет пен жүн тартылған да болар. Өзіне социалистік мал өсірудің шебері деген атақты даңқты атақ беріпті. Бірақ қарт өзін мақтап сөйлемеді. Сарғыш сақал-мұртын шапшаң қимылдатып, жұпыны жүзінің түктері түріле, тікірейе сөйледі.



  • Садағаң кетейін, Асының жайлауындай Жетісуда жер бар ма? Жер шұрайлы емес пе? Асы



  • тек «Жарсу» совхозының ғана жайлауы ма? Тек Шелек ауданының өрісі ме? Сонау Есік, Іле бойларындағы қалың колхоз, совхоз бен осы Шелек өңіріндегі мыңғырған сансыз малға иен шүйгін қоныс емес пе? Ал осы құт жайлауға біздің осы Шелек маңы мандытып қой өсіріп отыр ма? Жаңа осында сөйлеген бір мейман анау Алтай-Тарбағатай атыраптарында әр совхоз жүз мыңдап қой өсіреді екен деді. Ал біздің совхоздарда қой малы әлі аз. Бүкіл Шелек ауданында үш жүз елу мыңдай ғана қой бар деседі. Тіпті бұл мақтанарлықтай көп қой емес. Шіркіндер-ау, әрқайсың өз істеріңе мақтанғанша, келесі жылдары аудан көлемінде қой басының өсімін екі есе, үш есе көбейтеміз деп серт етпейсіңдер ме? Тағы бір айтарым – «қой еті – қоян еті» деген ескі мәтелді естуден енді құтылар кез жетті. Қойларың құнан өгіздей болсын – міне, менің тілегім. Қойды баққаннан гөрі, тойды бағатын желікпелер аз емес, осыларды неге мінемейсіңдер? Олардың қырыс мінездерін не деп сипаттар едік?


 


Бұлар саңлақ емес, Сылаңдар еді.


Жиын сайын қылықтары сыналған еді. Бұлар қойды тастап,


той іздейді. Қымызға емес,


«қырсық суға» тойғыз дейді. Мұндайлар ән айтпайды, бақырады.


Жас баласына қойды сен бақ деп ақырады. Мұндайлардың төлі дүзде қалады,


Бұлар қойын –


Жұрт көшкен ізге бағады.


 


Өздері қойларынан семіз келеді, Кемшілікте төзуге негізделеді.


Бұлар семіз қойдың тонын жамылады, Ал, арық қойдың санынан жаңылады.


 


Ендігі бір кезекте мінберге қызыл шырайлы, ұяңдау бір жас қыз келіп қалды. Мүләйім қыз үнсіз ғана ойланып тұр. Тап қазір мектепте, сынақ алдында айтар сабағын пысықтап қалған тәрізді. Өзі де мектеп жасындағы қыз екен...



  • «Қызыл жиде» совхозының шамшырағы, жас шопан Тұрахан Үмбетқызы, – деп таныстырды жиындағыларға аудандық партия комитетінің секретары Садыр Әбішев.


Тұрахан? Осы есімді мен қайдан естідім? Айтқандайын, аудандық «Еңбек туы» газетінде басылған хабар арқылы Тұраханмен танысқан екенмін ғой. «Жарсу» совхозының аға шопаны Ботагөз Бекбатыроваға Тұрахан хат жазыпты. Ботагөз өзінің газетке жарияланған сәлемін бұл хаттың жайын былай баяндайды: маған бейтаныс


 


адамнан хат келе қалды. Тұрахан Үмбетовадан Ботагөзге, – деп жазылыпты конверт сыртында. Хатты ашып оқысам, сәлем жолдаушы «Қызыл жиде» совхозының қыз шопаны өзімнің әріптесім екен. Жас болса да, бір отар қойға ие болған талапты қыз екен. Хатында Тұрахан өзінің қарт әкесінің жолын ұстап қой өсіру ісіне өзі қалап келгендігін айтады. Сегіз класты бітірген сауатты қыз жақсы шопан болуды саналы түрде мұрат етіпті. Өзі сөзге шебер қыз екен, хатында мені былай толғандырды:


«Есіміңізбен газет бетінен таныспын, еңбегіңіз жемісті болып, мерейіңіз өсе берсін! Шопан болу



  • зор абырой. Кел, Ботагөз, жарысқа түсейік, жүз саулықтан жүз жиырма төл өсірейік», – деп тұжырымдапты сәлемін.


 


Қойшылар құттықтаңыз қыз баланы, Әрдайым құтты болсын із-қадамы.


Бақшаға қауын еккен бағыбандай, Көркейтсін баққан қойы дүз-даланы.


 


Ұқсайды малжандығы әкесіне, Әкенің аманатын өтесін де.


Тұрахан бағыландай бұлаңдаса, Жігіт-ау, қой соңынан жетесің бе?


 


Тұрахан – «Қызыл жиде» жемісіндей, Өрісі – аспанның көк кеңісіндей.


Әкесі әлпештеген қыз болса да, Еңбегі майдандағы ер ісіндей.


 


Құз күтіп, қыздың қойын тосар аңғар, Маңырап ерер оған қошақандар.


 


Басынан Бақай таудың ән шырқаса, Даусынан үркіп қырға қашар аңдар.


 


Ей, жігіт, жөнел жылдам сонау жаққа, Қосыл сен, қыз даусына сол аулақта. Секірген серкелердей таста билеп, Қиядан қойды қайыр самал баққа.


 


Күмпілдек көп жігіттің бірі атанба! Ұқсап көр еңбек сүйген Тұраханға. Осылай қарт айтады,


Ұмтыл жігіт,


Жаумай ма талаптыдан нұр Отанға.


 


Әскерде көрген едім, жорықтарда жауынгерлік жасап қайтқандарды, қатарланған саптан үш- төрт қадам ілгері шығарып тұрғызар еді де, оларға айрықша алғыс жариялар еді. Сондай-ақ өндіріс басқармасының басшылары мен совхоз директорлары қалың жиынның қарсы алдында көптеген адамдарды атап шақырып, алға тізді. Бұлар Шелек өндіріс басқармасына қарасты шаруашылықтардың ең озық, өнегелі шопандары екен. Көз қызығарлық көрініс пайда болды. Сол игі, берекелі еңбек иелеріне, марқасқа қойшыларға совхоздар тарапынан тарту сыйлықтар әкелінген екен. Үлде мен бүлде, жиһаз жасаулар жүлдеге тартылып жатыр. Бақай таудың бауырындағы еңбек иелерінің бұл салтанаты ақынды да, әншіні де қоса тербеткендей.


 


Сол бір сәт масайрады марқасқалар, Кез еді күй шертілер, ән басталар.


 


Бақай тау алдымызда асқақтады. Батырдай айбатынан жау жасқанар.


 


Жұртына қойды баққан сыйлы шопан. Маңқиып мәуітіден киді шапан.


Асының шешегіндей гүл кілемге, Отырды қой бағуды сүйген апаң.


 


Жамылып қыжым жібек киімдерді, Жұртының келін қойшы сыйын көрді. Қарайды сағатына Марияхан, Сағатпен санайтындай қиыр белді.


 


Жүздерден нұр шалқиды күлімдеген, Жас шопан сақпан қызға күбірлеген. Костюмі алған сыйға қандай әсем, Тіккендей өз қойының түгіменен.


 


Жәрмеңке ашылғандай бұл бөктерде, Дүкендер машиналы, көлбепті өрге. Бұйымдар әлем-жәлем тұр тізіліп, Қойшы жүр көргендей бір ғажап көрме.


 


Қуантып қойшылардың қызық ісі, Келіпті күй пернесін сызып күйші. Самалдай күй ескенде домбырадан, Аңқыды ақбоз үйден қымыз иісі.


 


Өткеннің өкінішті құрған назы – Бір кезде тебіренді Құрманғазы. Оркестр келген екен осы тойға,


Қойшының қозғасын деп сыр мен сазы.


 


«Сарыарқа», «Саржайлаулар» саңғырады, Сол күймен қойлы дала жаңғырады.


Теңселіп Шопан-ата күйге балқып, Сыңсыды Таусүгірдің сал бұлағы.


 


Сұңқылдап бұлбұл даусын қиды кімге? Кәрі-жас ынтызарын иді мүлде.


Тәтті ән таңдайынан төгілгенде, Тамсанып телмірді жұрт Бибігүлге.


 


Қойлы ауыл, құрт орнаған өрісіне, Сүйсінген қой өсірген әр ісіне.


Әнші мен ақын қосты әуездерін, Шалқыған шопандардың жеңісіне...


 


Бақай таудың бауырындағы қойшылар салтанаты осылай дүркіндеді. Мейлі, масайрай берсін, мал құты болған игі жандар! Олардың берекелі, өнегелі істеріне баршамыз да қуаныштымыз. Бірақ айтар тілек-талабымыз да бар. Бұл талапты осы жиында пікір-кеңес айтқан кәрілі-жасты шопандар да, облыстан келген меймандар да мерей-тілек ете сездірді. Бұл талап алдымен өндіріс басқармасының басшыларына, партия комитетіне, совхоз директорларына арналды. Бұл басқарманың шаруашылықтарының жалпы табыстарының ішінде қой малынан түсетін табыс 52 процент орын алады екен, ақшаға шаққанда жылына қой малынан бір жарым миллион сом пайда келеді екен. Аудан бойынша үш жүз елу мыңдай ғана қой барын аңғардық. Бұл Асыдай жайлауы бар, асқар таулары мен жазық жайылым бар, Шелектей арқыраған өзендері бар ауданға аз мал. Совхоз бастықтары қой малының


 


басын бірнеше есе көбейтуді неге мұрат етпейді? Мұндай міндерді енді болдырмаймыз, деп уәделесті жиылған шопандар. «Қой семізі - қойшыдан». Осы жылы мемлекетке беретін қой басының салмағын 60-70 килограмға жеткіземіз, әр жүз қойдан төрт- бес килодан жүн аламыз! – деп серт етісті Шелек ауданының қой өсіруші майталмандары.



  • Талап-мұраттарыңыз сәтті болып, ойдағыдай орындалсын, сіздердің игі істеріңіз біздің сүйсіне толғайтын жырымыз болсын, қадірлі шопан достарымыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу