Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  340


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Темірші

Күмбірлі үйге кеудесі толып,
Зейнеттің күйін шертеді көрік.
Сарғайған күзгі жапырақтай болып,
Қашады жалын, сағымдай семіп.
Соғады балға, ұшқындайды ұшқын,
Шапақтай кешкі балқиды темір.
Мейрімі жаздың, ашуы қыстың
Секілді сурет елестер не бар.
Білектің күшін сынаса ұста,
Шақырып дауыл уілдер көрік.
Сілтеп қал, достым, сілтейтін тұста,
Қашаған мезгіл бермейді ерік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу