Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  112


Автор: Абдрахман Асылбек

Сенген ағам

Ағама сеніп жүрдім,
Айтқанына көніп жүрдім.
Өзі дайындаған ұзақ таңға
Ұсынған құжаттарға
Қолыңды қоя сал дейді, –
Қоя саламын.
Мөріңді жоя сал дейді, –
Жоя саламын.
Сөйтіп жүріп Құдайдың атқанын,
Қақпанның мықтап қапқанын
Бір-ақ білдім:
Аңқаулығым сор болып,
Алмаған ақша үшін қол қойып,
Сот алдында жылап тұрдым.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу