Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  149


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТҮН ЖЫРЫ

 Бұталардың арасында қап-қалың
Ұйыған түн жатты іркілдеп, бөкпе боп,
Бір абайсыз ашпақ еді қақпаны –
Күдірейіп түрегелді көк төбет,
Содан кейін... тістеп көріп шынжырын
Өз-өзінен өзі айналды тіміскіп.
Қара судай тұнық екен түн бүгін,
Бірақ суда қайдан болсын тыныштық –
Толқиды түн... үнсіз тілмен түнгі ызғар
Сора-сора бозартуға аз қап тұр.
Сабырлы аспан сәл қозғалса, жұлдыздар
Тамып кете жаздап тұр...
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу